Фируза Шәріпованың FSK Promotion компаниясының маркетинг жөніндегі директоры Олеся Воякина әлемдік телеарналармен және Монакода SportTel көрмесіндегі компаниялармен болған келіссөздер жайында айтып берді, деп хабарлайды vesti.kz.
Таратылған мәліметке қарағанда, кездесулердің бірі НВО телеарнасының өкілдерімен өтіп, онда осы телеарна ұйымдастыратын бокс кештеріне Фирузаның қатысу ұсынысы талқыланды.
"Сонымен қатар Фируза Шәріпованың "Тақтар ойыны" телесериалына қатысуы сөз болды. Бұл тұрғыда ең басты мәселе спортшының алдағы кестесіне қатысты болып отыр. Яғни 2018 жылға Фирузаның жоспарлаған шаралары өте көп. Биыл ол сериалдың түсіріліміне қатыса алмайтыны белгілі, өйткені 30 желтоқсандағы жекпе-жекке дайындалып жатыр. Осы орайда Фирузаның кестесі мен сериалға түсу уақытын өзара қиыстыру жағдайы талқыланды. Біз өз кезегімізде Фирузаға қолайлы даталарды ұсындық. Қарашаның соңына дейін бұл мәселеге нүкте қойылады, осыдан кейін оның аталған сериалға түсуі ықтималдығы мен қандай рөлді сомдауы мүмкін екенін нақты жариялай аламыз", - дейді Воякина.
Оның сөзіне қарағанда, ең жемісті әрі қызықты кездесулердің бірі UFC өкілдерімен өткен. Фирузаның менеджері Сергей Завилейский ұсыныстарды таныстырып, олардың барлығы қолдауға ие болған.
Айта кетейік, 30 желтоқсанда Алматыда қазақстандық спортшының Белгиядан келетін Джемилла Гонтарюкпен жекпе-жегі жоспарланған.