Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Фируза Шарипова Алматыда өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде бельгиялық Джемилла Гонтарюкті ұпай санымен жеңіп, екінші жартылай жеңіл салмақта IBO және WBC Silver чемпиондық атақтарын иеленді, деп хабарлайды vesti.kz.
Жекпе-жек толықтай қазақстандық боксшының басымдығымен өтті. Шаршы алаңдағы шайқас жоспарланған 10 раундқа (2 минуттан) созылып, Фируза төрешілер шығарған ұпай басымдығы бойынша айқын жеңіске жетті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу