Қазақстандық боксшы Фируза Шарипова IBO белбеуінен айырылып қалды, деп хабарлайды prosports.kz.
Халықаралық бокс ұйымының сайтында Шарипова чемпиондар тізімінен алынған. Осыған дейін ол екінші жеңіл салмақтағы титулды иеленген болатын.
Еске сала кетсек, 22 желтоқсан күні Фируза Финляндияның файтері Ева Вальстремге қарсы рингке шығуға тиіс еді. Бірақ Шарипова дайындық барысындағы жарақаттың кесірінен жекпе-жекке шыға алмады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу