Фируза Шарипова Қазақстан рекордтар кітабына енді

787

Фируза Шарипова Қазақстан рекордтар кітабына енді

Фируза Шариповаға кәсіпқой бокстан әлем чемпионы атанған Қазақстандағы бірінші бұрымды спортшы ретінде Қазақстан рекордтар кітабына енгені туралы сертификат тапсырылды, деп хабарлайды kazsport.kaztrk.kz.

Сертификатты Қазақстан рекордтар кітабының Астана қаласындағы өкілі Қуандық Құдайбергенов спортшының қолына тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, отандасымыз Фируза Шарипова 26 тамыз күні жеңіл салмақтағы WIBA және WBU чемпиондық титулдары үшін өткен болгариялық Милена Колеваға қарсы жекпе-жекте жеңіске жеткен болатын. Қазақстан боксы тарихында мұндай болмаған, Фируза Шарипова - кәсіпқой бокстан әлем чемпионы атанған Қазақстандағы бірінші бұрымды спортшысы және қазіргі уақытта әйелдер арасындағы Қазақстаннан шыққан жалғыз чемпион.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу