IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Фируза Шарипова Токиодағы Олимпиадада Қазақстан намысын қорғамақ, деп хабарлайды спортшының баспасөз қызметіне сілтемемен vesti.kz.
"2020 жылғы Олимпиадаға барғым келетінін баяғыда айтқанмын. Кристина Хамер ынтамды арттырды. Кристина Қазақстан атынан шыққысы келсе, онда мен де міндеттімін. Бірақ оған дейін кәсіпқой рингте абсолют чемпион атануым қажет. Бұл жағынан Кристинамен жоспарларымыз ұқсас. Кларесса Шилдспен жұдырықтасқанда оған жанкүйер боламын", – дейді Шарипова.
Шарипованың баспасөз қызметі Кристина Хаммер бұрын Қазақстан атынан Олимпиадаға қатысуға ниет блдіргенін атап өтті. Шарипова да Олимпиада алтынын алғысы келетінін айтқан. Осы уақыттан бері ол екі салмақта үш титул жеңіп алды.