Қазақстандық кәсіби боксшы ІBO және WBC тұжырымдамалары бойынша әлем чемпионы Фируза Шарипова жуықта тағы бір жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.
Фирузаның бұл жолғы қарсыласы – финляндиялық Ева Вальстрем, WBC тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы.
Жартылай орта салмақтағы бұл белдесуде IBO және WBC белбеулері бәске тігіледі. Ева Вальстрем медициналық тексерістен өтіп, өзінің жұдырықтасуға дайын екендігін көрсетіп отыр. Ал Фирзуа бәсекеге қазан айының орта шенінен бастап дайындалатындығын айтты.
Екі боксшының жұдырықтасатындығы жуықта Фирузаның өз белбеуін қорғап қалғандығынан кейін белгілі болған. Нақты айтсақ, Фируза ресейлік Юлия Куценконы 98:92, 96:94, 96:94 есебімен тізе бүктірген болатын сол жолы.
Фируза Шарипова мен Ева Вальстрем жұдырықтасуы 22 желтоқсанға белгіленіп отыр. Ресейдің Санкт-Петербор қаласында болады.