Қазақстандық бұрымды кәсіпқой боксшы Фируза Шарипова өзінің келесі кездесуін көктемде өткізеді. Бұл туралы оның менеджері Сергей Завилейский айтты, деп хабарлайды vesti.kz.
"Фиразаның келесі кездесуі 12-мамырда өтеді. Жекпе-жек Тараз қаласындағы "Тараз-Арена" немесе жуырда ғана құрылысы біткен Санкт-Петербургтегі М-1 Аренада өтуі мүмкін. Мен Таразға барып келдім. Спорт кешенін де көріп, басшылармен жолығып, барлығын ақылдастық. Биыл Фируза Таразда міндетті түрде бір кездесу өткізеді. Сондай-ақ 8-ақпан күні Питерда М-1 Арена спорт кешенінің ашылу салтанатында болдым. Бұл жекпе-жек шеберлеріне арналған заманауи спорт кешені. Бұл біз үшін керемет орын. Фирузаның қарсыласын жуық арада атайтын боламыз. Қазір тек қарсылас Фируза өнер көрсететін мықты боксшылардың бірі екенін айта аламын. Мұндай мықты қарсылас әлі Фирузада болған жоқ. Сондықтан оны қиын кездесу күтіп тұр. 7-ақпаннан бастап Шарипова Мәскеудегі "Бокс академиясында" жаттығу жасап жатыр. Қазір дайындық қызу жүруде. Фируза бабында. Көңіл-күйі де керемет. Ол әлемнің абсолютті чемпионы болғысы келеді. Біз біздің басты мақсат. Біз сол үшін жұмыс істеп жатырмыз", - дейді қазақстандық боксшының менеджері.
Еске салайық, Шарипова соңғы кездесуін 30-желтоқсан күні өткізіп, бельгиялық Джермиооа Гонтарюкті жеңіп, IBO және WBC Silver белбеулерін жеңіп алды.