Фируза Шарипованың Ресейдегі жекпе-жегі өтпейтін болды

725

Шарипова 4 тамызда Санкт-Петербуртегі "М-1 Арена" алаңында испаниялық Мириам Гутьерреспен (7-0, 3 КО) жұдырықтасу керек болатын.

Фируза Шарипованың Ресейдегі жекпе-жегі өтпейтін болды

WIBA, WBU, IBO Championship және WBC Silver бойынша екі түрлі салмақ категориясында бақ сынасатын Фируза Шарипованың (8-1, 4 КО) Ресейдегі жекпе-жегі өтпейтін болды, деп хабарлайды Prosports.kz

Бұл туралы боксшы қыздың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Шарипова 4 тамызда Санкт-Петербуртегі "М-1 Арена" алаңында испаниялық Мириам Гутьерреспен (7-0, 3 КО) жұдырықтасу керек болатын.

Жекпе-жектің өтпей қалу себебін боксшы қыздың өзі 31 шілдеде Астанада өтетін баспасөз мәслихатында түсіндіреді.

Еске салайық, Шарипова соңғы рет 30 желтоқсанда Алматыда жекпе-жекте бельгиялық Джемилла Гонтарюкті (13-5-1, 2 КО) төрешілер шешімімен жеңіп, WBC Silver және IBO белбеулерін иеленген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу