Фируза Шарипованың WBC чемпионымен жекпе-жегі кейінге шегерілді

735

Фируза Шарипованың WBC чемпионымен жекпе-жегі кейінге шегерілді

IBO чемпионы Фируза Шарипова WBC белбеуінің иегері финляндиялық Ева Вальстроммен жекпе-жекке дайындық барысында жарақат алып қалды. Бұл туралы боксшы қыздың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Еске салайық, жекпе-жек 22 желтоқсан Петерборда өтуі керек еді. Дәрігерлердің болжамынша, Шарипованың сауығуына бір айдай уақыт қажет. Осы себепті жекпе-жек кейінге шегерілді. 

"Фируза жарақатымен жұдырықтасуға дайын еді. Бірақ бұл жоғары деңгейдегі жекпе-жек, бұған жол бере алмадық. Бапкерлер штабы жекпе-жекті шегеру туралы шешімге келді. Дәрігерлердің кеңестерін ұстанамыз, Фирузаның денсаулығын сақтау үшін. Ең беделді бокс ұйымының белбеуін иелену мүмкіндігін жібергіміз келмейді. Ева Вальстрем командасына хабарладық, жекпе-жектің жаңа мерзімін талқылаймыз. Оған жаттығу процесіне кеткен шығынды жартылай өтеп беруге дайынбыз және ол аралық жекпе-жек өткізбейді деген үміттеміз", – дейді Шарипованың менеджері Завилейский.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу