Халықаралық шаңғы спорты түрлері (FIS) федерациясы Алматы қаласының фристайл-могул мен шаңғы акробатикасынан әлем кубогі кезеңін қабылдауға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Olympic.kz.
"Қазақстанға, Шымбұлаққа айта оралғаным үшін өте қуанышмын. Дайындық жоғары деңгейде өткеніне көзіміз жетті. Былтырғы маусыммен салыстырғанда айтарлықтай алға басушылық байқалатыны сөзсіз. Оның үстіне, біздің ескертпе-тілектеріміз толығымен есепке алынды. Қалғанын жарыс кезінде көре жатамыз. Алматыда әлем кубогінің жетінші кезеңі өтеді. Алда Ресей мен Швецияда өтетін екі кезең қалды. Барлық спортшылар да дайын, ұйымдастырушылар да дайын", – дейді FIS рейс-директоры Конрад Ротермунд.
Ал шаңғы акробатикасын қадағалайтын FIS-тің тағы бір рейс-директоры Джо Фицджеральд елімізде алғаш рет өтетін дода туралы пікірімен бөлісті.
"Өткен аптада Минскіде әлем кубогі кезеңін өткіздік. Спортшылар екі күн ішінде Алматыға келді. Барлығы қандай да бір кедергісіз өтті. Барлығы да Қазақстанның қонақжайлығына риза болуда. Ал мен біздің спортта тағы бір жаңа локацияның пайда болғанына қуанамын. Әлем кубогі кезеңдері аяқталуға жақын, сол себепті, Алматыдағы кезең өте маңызды. Қазақстан командасының табысын да атап өткім келеді. Команданы Олимпиада чемпионы Антон Кушнир жаттықтыруда. Ол сіздерді жеңіске жетелейтініне сенімдімін", – дейді Фицджеральд.