FISA алдағы он күн ішінде іріктеу турнирлерінің өту мерзімін анықтайды

601

FISA кеңесі 2021 жылғы маусымды және Олимпиадаға іріктеу турнирлерінің жаңа мерзімін жоспарлауда.

FISA алдағы он күн ішінде іріктеу турнирлерінің өту мерзімін анықтайды

Халықаралық есу федерациясы академиялық есуде биыл өтуі тиіс барлық
турнирлерді кейінге шегерді, деп жазады Olympic.kz. 

Бұған дейін академиялық есуден жасөспірімдер және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионаты, ардагерлер арасындағы әлем чемпионаты, бүкіләлемдік есу турының өтпейтінін хабарлағанбыз. FISA коронавирус індетіне байлансты тағы да мәлімдеме жасап, іріктеу турнирлер өтетін жаңа мерзімді алдағы он күнде анықтайтынын хабарлады.

"Олимпиада және Паралимпиада ойындары 2021 жылға ауыстырылған соң, FISA кеңесі 2021 жылғы маусымды және Олимпиадаға іріктеу турнирлерінің жаңа мерзімін жоспарлауда", – делінген мәлімдемеде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу