Фишингтік шабуылдардың 96%-ы WhatsApp арқылы жасалады

750

Мамандар 2020 жылғы желтоқсаннан 2021 жылғы мамырға дейін әлемдегі танымал мессенджерлер арқылы фишингтік шабуылдардың динамикасын зерттеген. Олар фишингтік сілтемелер 90% жағдайда WhatsApp арқылы таралатынын анықтаған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Фишингтік шабуылдардың 96%-ы WhatsApp арқылы жасалады

Қазақстандағы "Касперский Лабораториясының" мәліметінше, Қазақстанда да фишингтік шабуылдар, нақтырақ айтсақ 96%-ы WhatsApp арқылы жасалады екен.

"Kaspersky" компаниясының Орталық Азиядағы коммерциялық директоры Валерий Зубановтың айтуынша, фишинг-алаяқтық бұрыннан бар.

"Адамдар алаяқтарға жеке деректерін өздері береді. Мұндай деректі барлық жерден кездестіруге болады: электронды пошта, СМС, әлеуметтік желілер, жарнама. Енді алаяқтар мессенджерлерді пайдалана бастады. Алданып қалған адамдар көп", – деді директор.

Осыған байланысты мамандар төмендегідей кеңестер береді:

Желіде сақ болыңыз және сілтеме арқылы өтпес бұрын оны мұқият тексеріңіз! Сілтеме күмән тудырса, оған өтпегеніңіз жөн;

Күдік тудыратын сілтемені таратпаңыз. Себебі, алаяқтар мұндай әдісті жиі пайдаланады. Олар адамдар таныстары жіберген ақпаратқа көбірек сенетінін түсінеді;

Оңай ақша табу туралы ұсыныстарға, ұтыстар туралы хабарламаларға, тегін нәрсе беру туралы ақпаратқа сенбеңіз және оған сақтықпен қараңыз!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу