Fitch халықаралық рейтингтік агенттігі Германияның шетелдік және жергілікті валютадағы ұзақ мерзімді эмитент дефолт рейтингін ең жоғары деңгейде – "ААА" "тұрақты" болжаммен растады.
Германияның "AAA" рейтингтері елдің әртараптандырылған экономикасын, мемлекеттік қаржысын және институттарын ескереді, деп хабарлады Fitch пресс-релизінде.
"Рейтингтерді Германияның еуроаймақтағы негізгі егемен эмитент ретіндегі ұстанымы да қолдайды, бұл елге айтарлықтай қаржылық икемділік береді. Ағымдағы шоттың тұрақты және жоғары профициті Германияның экспорттық секторының бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді", - деп атап өтті агенттік сарапшылары.
Fitch 2023 жылы Германияның ЖІӨ 0,4%-ға қысқарады деп болжайды. Ал 2024 жылы Fitch болжамы бойынша аталған ел экономикасы 0,7%-ға, 2025 жылы 2%-ға өседі.