Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін "BBB" деңгейінде растады

317

Болжам – "Тұрақты".  

Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін "BBB" деңгейінде растады Фото: Reuters

Fitch халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін "BBB" деңгейінде растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанның рейтингін қолдайтын маңызды факторлар сыртқы сілкіністерге өзінің орнықтылығын дәлелдеген тұрақты фискалдық ұстаным және елеулі сыртқы резервтер болып табылады.

Сарапшылардың пікірінше, жаңа бюджеттік ережелерді қолдану мемлекеттік қаржының тұрақтылығын арттыруға ықпал етеді. Экономиканы және экспорттық маршруттарды одан әрі әртараптандыру жөніндегі шаралар елдің дамуына оң әсер ететін болады.

Fitch Қазақстан экономикасының өсуі бойынша алдағы перспективаларды белгіледі. Агенттік инвестициялардың тұрақты өсуінің арқасында ЖІӨ (жалпы ішкі өнім) 2024 жылы 5,1% және 2025 жылы 5,4% деңгейінде өседі деп болжап отыр.

Сондай-ақ, Агенттіктің сарапшылары ҚР-да инфляция мен долларландыру деңгейінің төмендеу үрдісі байқалатынын және Қазақстанның қайталама санкцияларға ұшырау қаупі төмен екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу