Fitch Ratings Алматы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына халықаралық несиелік рейтинг берді

699

2015-2020 жылдары корпорация қала бюждетінен азық-түлік қауіпсіздігі қорын қаржыландыру және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін 46 млрд теңге сомасында жеңілдетілген несиелер алған.

Fitch Ratings Алматы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына халықаралық несиелік рейтинг берді

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында "Алматы" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ басқарма төрағасы Асқар Білісбеков Қазақстанда әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация алғаш рет инвестициялық санаттағы халықаралық несиелік рейтингке ие болып отырғанын мәлімдеді. 

"Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігінің несиелік рейтингі - шетелдік және ұлттық валютадағы эмитент дефолтының ұзақ мерзімді "BBB-" деп аталатын рейтингі. Бұл рейтинг несие төлеу қабілетінің жақсы екендігін, несиелер бойынша төмен болжамдарды, қаржылық міндеттемелерді уақтылы өтеу мүмкіндігі дәлме-дәл бағаланатындығын білдіреді", - деді спикер. 

Оның айтуынша, Fitch Алматы ӘКК-нің рейтингісін мемлекетпен байланысты компаниялардың рейтингісі әдіснамасы негізінде бағалады, өйткені ӘКК Алматы қаласы әкімдігінің меншігінде және өз қызметін жүзеге асыру үшін қалалық бюджеттен қаржыландырылады.

Мысалы, 2015-2020 жылдары Алматы ӘКК қалалық азық-түлік қауіпсіздігі қорын қаржыландыру және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін 46 млрд теңге сомасында жеңілдетілген несиелер алды.

Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселесі ерекше бақылауда. Алматы ӘКК бағаны ұстап тұруының басты тетіктері:
- тұрақтандыру қорынан азық-түлік интервенциясы;
- жеңілдетілген қарыз беру арқылы кәсіпкерлік субъектілерін (сауда желілері, ірі жеткізушілер) тарту. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу