Fitch Ratings: Алматы Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына несиелік рейтинг берді

Халықаралық рейтингтік агенттік болжамынша – "жағдай тұрақты".  

Fitch Ratings: Алматы Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына несиелік рейтинг берді Фото: spkalmaty.kz

Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі "Алматы" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингтерін шетелдік және ұлттық валютада "BBB-" деңгейінде растады. Болжам – "тұрақты".

Негізгі өңірлік даму институты болып табылатын Алматы ӘКК-нің маңызды қоғамдық миссиясын, назарға ала отырып, Fitch агенттігінің талдаушылары Алматы ӘКК-ға "BBB-" деңгейінде рейтинг берді.

Рейтингтік агенттіктің ресми сайтында ұсынылған ақпаратқа сәйкес, Алматы ӘКК әлеуметтік жобаларды іске асыру, шағын және орта бизнесті қолдау және ынталандыру, ескі тұрғын үйлерді жаңарту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы қаланың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін орнықты бизнес-құрылым болып табылады.

Компанияның қызметін талдай отырып, Алматы қаласының әкімдігі корпорацияның жалғыз акционері болып табылатындықтан Fitch Алматы ӘКК мемлекетпен байланысты компанияларды рейтингілеу әдіснамасы негізінде бағалайды.

Қазіргі уақытта, Алматы ӘКК-нің 2025 жылға дейінгі даму бағдарламасының тұжырымдамасы аясында корпорация бизнесті қолдайтын, қаланың басым әлеуметтік-маңызды және инвестициялық жобаларын іске асыратын қаланы дамытудың негізгі институты болып табылады.

"BBB-" рейтингі – бұл қанағаттанарлық кредиттік қабілеттерді, қазіргі уақытта кредиттік тәуекелдер бойынша төмен күтулерді, қаржылық міндеттемелерді уақтылы өтеудің оң қабілетін білдіретін инвестициялық санат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу