Fitch Ratings "ҚазАгро" рейтингін "BBB" деңгейіне көтерді

850

Оны Қазақстан Республикасының егеменді рейтингіне теңестірді.

Fitch Ratings "ҚазАгро" рейтингін "BBB" деңгейіне көтерді

Fitch "ҚазАгро" холдингінің рейтингін көтерді және оны ҚР егеменді рейтингіне сәйкес теңестірді

Fitch рейтинг агенттігі "ҚазАгро" рейтингін "BBB" деңгейіне "Тұрақты" болжаммен көтерді, оны Қазақстан Республикасының егеменді рейтингіне теңестірді, деп хабарлайды холдингтің баспасөз қызметі.

Fitch Ratings "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның ұзақ мерзімді эмитент дефолтының рейтингін ("ЭДР") шетелдік және ұлттық валютада "Тұрақты" болжамымен "ВВВ-" деңгейінен "BBB" деңгейіне дейін көтерді.  ҚазАгро рейтингі Қазақстан Республикасының егемен кредиттік рейтингі деңгейіне дейін көтерілді.

Рейтингтердің жоғарылауы компанияның ішкі қорландыру жағына қаржыландыру құрылымының тұрақты өзгеруін көрсетеді, нәтижесінде ішкі облигациялар шығарылымы есебінен 961,5 млн АҚШ доллары және 420,4 млн еуро сомасына еурооблигацияларды қайта қаржыландыру рейтинг агенттігінің қолдау факторларын қайта бағалауға әкелді. Агенттік "өте күшті деңгей" ретінде меншік және бақылау мәртебесінің факторларына баға берді.   

"ҚазАгро" холдингі бірқатар үкіметтік министрліктерді басқаратын ауыл халқын қолдау, экономикалық әртараптандыру және инновациялар бойынша мемлекеттің бірқатар басым бағдарламаларына тартылған. ҚазАгро жеке қосалқы шаруашылықтарды қоса алғанда, қазақстандық ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қаржылық қызмет көрсетуде басты рөл атқарады. 2018 жылы ҚазАгро холдингі ауыл шаруашылығы секторында 77% несие берді.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу