Fitch Ratings Сбербанктің рейтинг бойынша болжамын жақсартты

945

Fitch Ratings Сбербанктің рейтинг бойынша болжамын жақсартты

Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингі (ЭДР) бойынша "Сбербанк" АҚ ЕБ болжамын "тұрақтыдан" "оңға" жақсартты және бұрын берілген "BB+" деңгейін растады, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

"Сбербанктің Қазақстандағы еншілес банкінің болжамдарының рейтинг бойынша өзгеруі Сбербанк ААҚ ұзақ мерзімді (ЭДР бойынша) болжамдарын қайта қарауымен байланысты орын алды. Рейтингтегі бұл әрекеттер иегер құрылымның қажет болған жағдайда өзінің еншілес банкіне қолдау көрсету қабілетінің ықтимал күшеюін көрсетеді", — делінген рейтингтік агенттік есебінде.

Сбербанк Қазақстандағы ЕДБ арасында ең жақсы рейтингтерге ие.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу