"Фитохимия" ғылыми-өндірістік кешені мемлекет меншігіне қайтарылады

652

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады.

"Фитохимия" ғылыми-өндірістік кешені мемлекет меншігіне қайтарылады

"Бұрын Қарағанды фармацевтикалық кластеріне берілген "Фитохимия" ғылыми-өндірістік кешені мемлекет меншігіне қайтарылады. Институттың маңызы мен әлеуеті зор. Ішкі аудит қызметінің тексеру жұмысы келісімнің мемлекетке тиімсіз екенін көрсетті, мүліктік кешенді бағалауға, оның құны мен бөліп төлеуге қатысты сұрақтар туындады. Сол себепті мемлекет меншігіне қайтару бастамасы көтерілді. Тиісті құжатқа қол қойылып, рәсімдер жүргізіліп жатыр", – деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сонымен қатар Қарағанды қаласының саябақ аймағындағы жерлерді қаланың орталық саябағының бір бөлігі ретінде мемлекет меншігіне қайтару мәселесі қарастырылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу