Қазақстанға залалданған 14 тонна күнбағыс тұқымын әкелуге жол берілмеді

87

Карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау мемлекеттік инспекторлары қауіпті өнімнің ішкі нарыққа енуінің жолын кесті.  

Қазақстанға залалданған 14 тонна күнбағыс тұқымын әкелуге жол берілмеді Фото: gov.kz

Беларусь Республикасынан (шығарылған елі — АҚШ) жеткізілген көлемі 14,3 тонна күнбағыс тұқымын тексеру барысында оның күнбағыс фомопсисі ауруымен залалданғаны анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Бұл ауыл шаруашылығы дақылдары үшін айтарлықтай қауіпті, ол өнім түсімінің азаюына және өнім сапасының төмендеуіне соқтырады.

Өнім иесіне қатысты әкімшілік іс қозғалып, сот қарауына жіберілді.

Зиянды өнімдердің ел аумағына өтуіне жол бермеу, шекарадағы фитосанитариялық бақылауды күшейту жолында жұмыстар жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу