Фитосанитариялық қаупі бар өнімдер әкелген жағына қайтарылды

1065

Фитосанитариялық қаупі бар өнімдер әкелген жағына қайтарылды

2017 жылдың қыркүйек айының 9-15 аралығында құжат тексеру барысында Қазақстан Республикасының аумағына жоғарғы фитосанитариялық қаупі бар карантинге жатқызылатын өнімдерді әкелу кезінде Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одағының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалық бұзушылықтың 8 фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Ресей федерациясынан 3 жағдайда (картоп – 3 тонна, пияз – 8 тонна, қызанақ – 20 тонна) міндетті ілеспе фитосанитариялық сертификатсыз әкелінген. Сонымен қатар Үнді мемлекетінен 2 жағдайда (тазартылған күнжіт – 36,654 тонна, басты пияз – 16,77 тонна), республика аумағына міндетті ілеспе фитосанитариялық сертификатсыз әкелінген.

Сондай-ақ, Өзбекстан Республикасынан 501 дана раушан кесінділерін әкелу кезінде тиым салынған қол жүгі арқылы заңбұзушылық анықталды.
Азербайджан Республикасынан 4 тонна шабдалыны әкелу кезінде – шығыс жеміс жемірі карантиндік обьектілер анықталды, ал Өзбекстан Республикасынан 0,627 тонна құрма әкелу кезінде комсток сымыры анықталды.

Заңбұзушылыққа жол берген өнім иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жоғарыда көрсетілген карантинге жатқызылатын өнімдердің жалпы салмағы 88,051 тонна және 501 штук экспорттаушы мемлекеттердің аумағына қайтарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу