Қарашаның 15-16 аралығында Мексиканың Канкун қаласында Халықаралық волейбол федерациясының конгресі өтті. Аталған жиынға Қазақстан волейбол федерациясының бас хатшысы Ермек Сырлыбаев қатысты, деп хабарлайды olympic.kz.
Халықаралық федерация президенті Ари Граса конгресс аясында құрлықтық конфедерация басшыларымен кездесті.
Ал Ұлттық федерация басшыларымен өткен жиында Ари Граса Австралия мен Қазақстан волейбол федерацияларын ерекше атап өтті.
FIVB президенті Азия құрлығында белсенділік танытып, волейболдың танылуына үлес қосқаны үшін Қазақстанға алғысын білдірді.
Сондай-ақ, Қазақстан волейбол федерациясының FIVB-ға мүше болғанына 25 жыл толуына орай Ермек Сырлыбаеваты естелік сыйлықпен марапаттады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу