Халықаралық волейбол федерациясы жағажай волейболынан төрт ірі турнирдің өту уақытын өзгертті деп хабарлайды Olympic.kz.
Биыл Тайландта өтуі тиіс 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты 2021 жылға ауыстырылды. Турнир 24-28 наурызға жоспарланған.
Сондай-ақ, Әлемдік турнир аясындағы төрт бәсеке кейінге қалды. Олардың қатарында Қытайда өтуі тиіс төрт жұлдызды турнир де бар.
FIVB 16 наурыздан бері халықаралық жарыстарды кейінге шегерді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу