Физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары белгілі болды

155

Маңызды ғылыми сыйлық "жасанды нейрондық желілер арқылы машиналық оқытудың негізінде жатқан іргелі жаңалықтар мен өнертабыстар" үшін берілді. 

Физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары белгілі болды Фото: Nobel Prize

2024 жылы физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары АҚШ-тан Джон Хопфилд пен Канададан Джеффри Хинтон болды.

Швеция корольдік Ғылым Академиясының бұл шешімін Нобель комитеті жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Джон Хопфилд ассоциативті жад негізінде симметриялы байланыс матрицасы бар толық байланысқан нейрондық желіні құрды. Ол деректердегі кескіндер мен үлгілердің басқа түрлерін сақтауға және қалпына келтіруге қабілетті.

Өз кезегінде Джеффри Хинтон Хопфилдтің өнертабысын 1985 жылы, Терри Сейновскиймен бірге, Больцман машинасын жасау үшін пайдаланды. Ол фотосуреттердегі сияқты белгілі бір элементтерді тани алады және оларды жіктеу үшін қолданыла алады.

1901 жылдан бастап физика бойынша Нобель сыйлығы 117 рет берілді, оның лауреаттары 224 адам болды. Сыйақы мөлшері – 11 миллион швед кроны (шамамен 825 мың еуро).

Нобель апталығы бір күн бұрын физиология және медицина саласындағы сыйлық иегерлерінің есімдерін жариялаудан басталды Сыйлық микроРНҚ ашқаны үшін Виктор Амброс пен Гари Равканға берілді.

Сәрсенбі, 9 қазанда химия бойынша Нобель сыйлығының лауреаттарының есімдері, 10 қазанда әдебиет бойынша белгілі болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу