Физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаттарының есімдері белгілі болды

491

Биылғы жүлде "заттағы электрондардың динамикасын зерттеу үшін жарықтың аттосекундтық импульстарын генерациялаудың эксперименттік әдістері үшін" берілді.

Физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаттарының есімдері белгілі болды Фото: locals.md

Биыл физика бойынша Нобель сыйлығы Пьер Агостиниге (Франция), Ференца Краушқа (Венгрия, Австрия) және Анна Л'Юильеге (Франция, Швеция) берілді. Олар заттағы электрондардың динамикасын зерттеу әдістерін зерттегені үшін марапатқа ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz Нобель комитетіне сілтеме жасай отырып.

Комитет физиктер "заттағы электрондардың динамикасын зерттеу үшін жарықтың аттосекундтық импульстарын генерациялаудың эксперименттік әдістері үшін" марапатталғандарын атап өтті. 

"Пьер Агостини, Ференца Крауш пен Анна Анна Л'Юилье өте қысқа жарық импульстарын жасау әдісін көрсетті, ал ол өз кезегінде электрондар қозғалатын немесе энергияны өзгертетін жылдам процестерді өлшеу үшін қолданылуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу