ФҚҚ Навальный тергеуін арандатушылық деп таныды

597

Оның арнайы қызмет өкілімен телефон арқылы сөйлескені түсірілген видеосын жалған деп мәлімдеді.

ФҚҚ Навальный тергеуін арандатушылық деп таныды Фото: rbc.ru

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың тергеуі – Федералдық қауіпсіздік қызметінің беделін түсіруге бағытталған арандатушылық. Ведомствоның қоғамдық байланыс орталығы осындай мәлімдеме жасады.

Орталықтың хабарлауынша, саясаткердің тергеуі шет елдегі арнайы қызметтің көмегімен жүзеге асқан көрінеді. ФҚҚ Навальныйдың Ресейдің арнайы қызмет өкілімен телефон арқылы сөйлескені түсірілген видеосын жалған деп мәлімдеді.

21 желтоқсанда қоғам белсендісі арнайы қызметте жұмыс істейтін Константин Кудрявцевпен телефон арқылы сөйлескені жазылған видеоны өзінің Youtube-тағы парақшасына жүктеген болатын. Кудрявцев Навальныйдың киіміне у жаққанын айтты. Саясаткер "неліктен аман қалдым?" деп сұраған еді, ол "жағдай солай болып қалды.. мұндай жаман фактор біздің жұмысымызда орын алады" деп жауап берді. Ескере кететін жайт, Навальный онымен сөйлесу барысында өзін қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы әрі ФҚҚ-ның бұрынғы директоры Николай Патрушевтің көмекшісі Максим Устинов ретінде таныстырған. 

Еске сала кетсек, желтоқсан айында оппозиционер мен АҚШ-тың CNN арнасы, Германияның Spiegel басылымы, Bellingcat порталы бір уақытта оның улануына қатысты материал жариялаған еді. Олардың дерегі бойынша, ФҚҚ-ның сегіз қызметкері Навальныйды бірнеше рет уламақ болған. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу