Флойд Мейвезер Фируза Шарипованың жаттығуына қатысты

749

Флойд Мейвезер Фируза Шарипованың жаттығуына қатысты

Бокстан бес салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы кіші Флойд Мейвезер (50-0, 27 КО) Мәскеуге жасаған сапары барысында қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шарипованың (7-1, 4 КО) жаттығуына қатысты, деп жазады Vesti.kz.
Ресей астанасына сапары барысында Мейвезер TMT Money Team Russia компаниясына тиесілі "Академия бокса" залына да соғып, Шарипиованың жаттығуын көрді. Бұл туралы sharipova_firuza инстаграм әлеуметтік желісіне жазып, бірге түскен суретін жүктеді.
Айта кетейік, қазақстандық боксшы Мейвезермен бұған дейін де кездескен болатын. Наурыз айында Флойд Мәскеуге өзінің залын ашуға келген еді. Сол кезде олар кездесіп, суретке түскен еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу