Флорида жағалауында "Иэн" дауылы көтерілді

538

"Иэн" дауылы штаттың аумағына жеткен кезде желдің жылдамдығы сағатына 241 шақырымға дейін барды.

Флорида жағалауында "Иэн" дауылы көтерілді

Флорида шығанағының жағалауында соққан "Иэн" дауылының екіні жойқын болғаны сонша, соңы нөсер жаңбырға ұласып, теңіз деңгейі көтерілді. Бұл АҚШ-та соңғы жылдары тіркелген ең күшті дауылдардың бірі. 

"Иэн" Форт-Майерс қаласының батысындағы Кайо-Коста тосқауыл аралында Шығыс жағалау уақыты бойынша сағат 15:05-те құрлыққа шығып, сағатына 241 шақырым жылдамдыққа жететін желмен 4-ші санаттағы дауылға айналды", – деп хабарлады Ұлттық дауыл орталығы.

Желдің бұл жылдамдығы Саффир-Симпсон шкаласы бойынша дауылдың 5-ші санатына жетпеген – дауылдың ең ауыр санаты, желдің максималды жылдамдығы сағатына кемінде 252 шақырым.

Теңіз деңгейінің көтерілуінен қазір жағалауларды су басқан. Кей жерлерде толқындардың биіктігі 3,7 метрге жеткен. Синоптиктер сондай-ақ найзағай мен торнадо болуы мүмкін екенін ескертті, ал орталық Флориданың кейбір бөліктерінде 0,6 м жауын-шашын күтілуде.

Жергілікті коммуналдық қызметтердің хабарлауынша, "Иэн" дауылы әсерінен 1,1 млн тұрғын үй мен кәсіпорында электр қуатын өшірілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу