АҚШ Көлік министрі Шон Даффи жексенбі күні Флоридадағы тұрғын аудандардың бірінде бизнес-джет құлап, бортта болған 9 адамның барлығы қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC-ге сілтеме жасап.
Әуе апаты жергілікті уақыт бойынша сағат 12:50-де Крестхейвен маңында тіркелді. Бұл – президент Дональд Трамптың Палм-Бич ауданында орналасқан Мар-а-Лаго резиденциясынан шамамен 14 шақырымдай жер.
Оқиға орнынан түсірілген кадрлардан тұрғын орамдағы жолда пайда болған үлкен шұңқырды, өрт ошағын және Learjet 60 ұшағының сынықтарын көруге болады. АҚШ-тың Федералдық азаматтық авиация басқармасының (FAA) мәліметінше, ұшақ Техас штатының Остин қаласынан ұшып шығып, Багам аралдарына бет алған.
Даффи болған оқиғаны ауыр трагедия деп атады. FAA Көліктегі қауіпсіздік жөніндегі ұлттық кеңес жүргізіп жатқан тергеуге көмектесу үшін арнайы мамандар тобын жібереді. Бортта кімдердің болғаны, сондай-ақ тұрғындар арасынан зардап шеккендердің бар-жоғы әлі белгісіз.