Fly Arystan алғашқы жылы 1 миллионға жуық жолаушы тасымалдайды

1189

Fly Arystan Air Astana базасындағы бюджеттік компания. Биылдан бастап төмен бағамен ұшуларды жүзеге асырады.

Fly Arystan алғашқы жылы 1 миллионға жуық жолаушы тасымалдайды

Жаңа Fly Arystan әуекомпаниясы алғашқы жылы 1 млн-ға дейін жолаушы тасымалдайды, деп мәлім етті индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек үкіметтің бүгінгі кеңейтілген отырысында..

"Сіздің тапсырмаңыз бойынша биылғы жылдың алғашқы жарты жылдығында төмен бюджетті Fly Arystan әуе компаниясын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бірінші жылы Air Astana әуекомпаниясына қарағанда екі есе төмен бағамен 1 млн-ға дейін жолаушы тасымалдау жоспарланып отыр", – деді Жеңіс Қасымбек.  

Еске сала кетсек, 2018 жылдың қарашасында елбасы Air Astana базасында бюджеттік әуекомпаниясын құруға тапсырма берген болатын.

Air Astana – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат мемлекеттік қоры мен британдық BAE Systems компаниясының бірлескен кәсіпорны.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу