Ұшақтың сыйымдылығы 188 орын. Бұл әуекомпания флотындағы 14-ші және осыған ұқсас сыйымдылығы бар үшінші ұшақ. Әуе кемесі қоршаған ортадағы CO2 шығарындыларын және дыбыс ізін азайтуға мүмкіндік беретін қозғалтқышпен жабдықталған.
Биылғы тамыз айынан бастап қазақстандық әуекомпаниялар сыйымдылығы 166-дан 213 орынға дейін жаңа 12 ұшақ саты алған.
"Әуе кемелерін пайдалануға беру авиакомпаниялардың жолаушылар тасымалы көлемінің ұлғаюына, сондай-ақ кесте мен билеттер ұсынысының уақытылы орындалуына оң әсерін тигізеді. Қазақстандық әуекомпаниялардың ӘК паркін кеңейту жөніндегі жұмыс жалғасуда және ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің тұрақты бақылауында", делінген ақпаратта.