"Fly Arystan"-ға тиесілі ұшақ не себепті шұғыл түрде қонғаны анықталды

749

Азаматтық авиация комитетінің мәлімдеуінше, Атыраудан Алматыға бет алған ұшақ дабылдың іске қосылуына байланысты қайта қонған.  

"Fly Arystan"-ға тиесілі ұшақ не себепті шұғыл түрде қонғаны анықталды

Кеше "Fly Arystan" әуе компаниясына тиесілі ұшақтың не себепті шұғыл қонуға мәжбүр болғаны анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

 "2020 жылғы 7 қыркүйекте "Атырау – Алматы" бағыты бойынша рейсін орындау кезінде "Fly Arystan" әуе компаниясына тиесілі ұшақта "авиациялық салқындату клапаны жұмыс істемейді" дабылы іске қосылды. Экипаж барлық тиісті шараларды қабылдады, бірақ бұл ұшудағы ақаулықты қалпына келтіруге көмектеспеді, мұндай жағдайларда әуе кемесінің ұшу биіктігі он мың футтан аспайды" делінген хабарламада.

Мәліметке сай, осы оқиғаға байланысты ұшақ өзі ұшып шыққан әуежайға қайта оралу туралы шешім қабылданды және әуе кемесі штаттық режимде қондырылды.

"Инженерлік-техникалық құрам деактивациялау шараларын өткізді, содан кейін әуе кемесі Алматы қаласындағы әуежайға ұшып кетті. Бұл оқиға тексеруге жататын авиациялық оқиғалардың тізбесіне жатпайды (авиациялық оқиғаларды тексеру қағидаларының 25 және 26-қосымшалары)" деп хабарлайды ведомство.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу