Отандық лоукостер Fly Arystan ішкі рейстерден бөлек, халықаралық рейстерді де ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы XIV халықаралық "Бақыт ұйымы" HR-конференциясында "Эйр Астана" әуе компаниясының президенті Питер Фостер айтты.
"Жақын арада халықаралық рейстерді ашу қарастырылып жатыр. Әзірге, Fly Arystan әуе компаниясының флотында екі ұшақ бар. Келесі аптада Қазақстан ішіндегі алғашқы рейстер ашылады. Үшінші және төртінші ұшақтар шамамен 2019 жылдың қазан айында келеді, сол кезде халықаралық рейстерді ұшыру жұмыстарын бастаймыз", – деді Питер Фостер.
Питер Фостер отандық лоукостер билеттінің әлемдік тәжірибеге сәйкес сатылатынын атап өтті.
"Әуекомпанияның тариф құру саясаты айтарлықтай икемді болады. Сұранысқа қарай өзгеріп отыратын бірнеше тариф ұсынылады. Яғни, барлығы сіздің қай күнге қашан билет сұрауыңызбен байланысты. Кез келген коммерциялық кәсіпорын табыс тапқысы келеді, сәйкесінше пайда түсіру үшін ұшақ орындарының барынша сатылғаны тиімді", – деді ол.
Сонымен бірге, "Эйр Астана" басшысы Fly Arystan орташа тарифі Air Astana билеттерінен үнемі екі есе арзан болатынын жеткізді.