Вице-премьер "компания билеттерінің 50 пайызы қымбатқа сатылып жатыр екен" деген әңгіменің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
Жеңіс Қасымбек оның бағасына мониторинг жасалып отырғанын айтады. Мониторинг нәтижесі көрсеткендей, Fly Arystan-ның бір бағытқа ұшу ақысы 12 мың теңгеден аспаған.
Еске сала кетсек, бұған дейін инвестициялар және даму министрі оның бағасы 16 мың теңгеден жоғарламайды деген болатын.
Компания әзірге 4 жаңа ұшақ сатып алыпты. Алдағы уақытта ұшақ саны 8-ге жеткізілмек. Рейстерді ұшыру мамыр айынан басталады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу