Нұр-Сұлтан – Шымкент бағытындағы рейс шұғыл түрде Алматы әуежайына қонуға мәжбүр болды, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі Almaty.tv-ға сілтеме жасап.
Авиакомпанияның баспасөз қызметі мұндай жағдайдың орын алуына ауа райының қолайсыздығы себеп болғанын жеткізді.
"2021 жылдың 19 ақпаны сағат 08:55-те Нұр-Сұлтан – Шымкент бағыты бойынша 7325 борты ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы халықаралық әуежайына қонды. Шымкентке ұшу уақыты 10:45-ке ауыстырылды", – деп жазылған хабарламада.
Келеңсіз жағдай салдарынан жолаушылар зардап шеккен жоқ. Авиакомпанияның баспасөз қызметі ұшақтың Алматы әуежайына қауіпсіз қонғанын атап өтті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу