Fly-Arystan рейстер қатарын арттырды. Енді Тараздан тікелей Нұр-Сұлтан, Орал және Қарағанды облыстарын қатынауға болады, деп хабарлайды Atameken Business.
Бұған дейін аталмыш қаладан тек Алматыға ғана ұшақ шығатын.
Шілдедегі қорытынды бойынша, Fly-Arystan 100 мыңнан астам жолаушыны тасымалдаған. Енді қазанға дейін 180 мың билет резервке қойылыпты. Оның 90 пайызының бағасы 10 мың теңгені құраған.
Премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбектің айтуынша, жыл соңына дейін арзан қызмет көрсетуші әуе компаниясы 1 млн-нан астам жолаушыны тасымалдауға тиіс. Күзде 180 орындық екі жаңа Airbus-320 ұшағы сатып алынады. Fly-Arystan ұшақтары ресми мамыр айынан бастап іске қосылған.