Жолаушылар балаларына халықаралық рейстерге билетті толық бағаға сатып алған болып шықты. Компания 2 жастан 12 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған жолаушылар үшін арнайы 50% жеңілдіктерді қолданбаған.
2022 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында 3 мыңнан астам кәмелетке толмаған балалар стандартты тарифтер бойынша халықаралық бағыттарға жеткізілді.
"Прокуратураның ұсынысы бойынша Азаматтық авиация комитеті авиакомпанияға қатысты ӘҚБтК-нің 571-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасады. Жиналған материалдар Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды", - деп хабарлайды көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.