/img/tv1.svg
RU KZ
РТС 1 099,76 Hang Seng 24 251,27
FTSE 100 5 704,45 KASE 2 214,78
DOW J 22 658,48 Алтын 1 680,10
FlyArystan 29 ​​наурыздан бастап әуе билеттерін сатуды бастайды

FlyArystan 29 ​​наурыздан бастап әуе билеттерін сатуды бастайды

2019 жылдың мамырынан бастап коммерциялық рейстерді орындайды.

18 Наурыз 2019 10:20 519

FlyArystan 29 ​​наурыздан бастап әуе билеттерін сатуды бастайды

2019 жылдың 29 ​​наурызыннан бастап «FlyArystan» бюджеттік әуе компаниясының коммерциялық рейстеріне билеттер сатылымы басталады, деп хабарлайды ИИДМ азаматтық авиация комитеті.

Қазақстанның FlyArystan авиакомпаниясы 2019 жылдың мамырынан бастап коммерциялық рейстерді орындайды деп жоспарланып отыр. Әуе компаниясы Алматыдан Астана, Атырау, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Тараз қалаларына күнделікті ұшатын болады.

Жоспарға сәйкес, бастапқы кезеңде компанияның әуе флоты «Эйр Астана» әуе компаниясының 180 орындық эконом-сыныпты Airbus A320 ұшақтарынан құралмақ. 2022 жылдың соңына қарай лайнерлердің саны 15-ке жетеді.

inbusiness.kz-ті қараңыз, оқыңыз :

FlyArystan-мен 2 мыңнан астам жолаушы ұшып үлгерді

50 мыңға жуық билет сатылып, олардың жартысынан көбін жолаушылар ең төменгі багажсыз тарифімен алған.

03 Мамыр 2019 13:31 241

FlyArystan-мен 2 мыңнан астам жолаушы ұшып үлгерді

FlyArystan ұшуларының алғашқы күндерінде 2000-нан астам жолаушы тасымалданды, деп хабарлайды ИИДМ азаматтық авиация комитетінің баспасз қызметі.

Рейстер Алматыдан Нұр-Сұлтан, Тараз, Қарағанды және Орал қалаларына орындала бастады. Жақын арада Алматыдан Павлодар мен Шымкент қалаларына рейстер ашу жоспарланып отыр.

2019 жылдың мамыр айындағы барлық бағыттар бойынша орындалатын рейстердің жолаушылар толымдығы 90%-дан асты.

Нұр-Сұлтан-Алматы бағытындағы алғашқы рейстегі жолаушылардың басым бөлігі ұшақ бортында қосымша тамақтануды қалаған. Мысалы, ұшу кезінде 1200 теңгеге сэндвич пен сусынға тапсырыс беруге болады.

Бүгін FlyArystan Қарағандыға алғашқы рейсін жүзеге асырды

FlyArystan ұшақтары Алматыдан Қарағандыға күн сайын ұшатын болады. 

02 Мамыр 2019 17:57 326

Бүгін FlyArystan Қарағандыға алғашқы рейсін жүзеге асырды

Өңір әкімі әуежайға дейін баратын автобус маршрутын ашу жоспарда барын айтты.

Лоукостер-компания билетінің ең төменгі бағасы – 6000 теңге. Бұл сомаға ұшу мен 5 килограмм қол жүгін тасымалдау кіреді. Қажет болған жағдайда багажға қосымша төленеді. Борттағы азық-түлік пен сусындар да бөлек бағаға сатып алынады.

Әзірге FlyArystan иелігінде Airbus A320 маркалы екі ұшақ бар.

Қазір лоукостер басшылығы болашақ базалардың бірін Қарағанды әуежайында орналастыру мүмкіндігін қарастыруда.

Жаңалықтарға жазылу: