FlyArystan Air Astana компаниясынан қашан бөлінетіні белгілі болды

483

Пайдаланушының жеке сертификатын алуға құжаттарды беру жұмыстары биылғы 4 тоқсанға жоспарланған. 

FlyArystan Air Astana компаниясынан қашан бөлінетіні белгілі болды

Қазіргі таңда FlyArystan компаниясының құрылымдық бөлімшесін жеке заңды тұлғаға бөлудің кезеңдік жоспары әзірленді. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"FlyArystan" АҚ Жарғысы бекітілді, сондай-ақ қайта тіркеу рәсімдері жүзеге асырылады, компанияның ұйымдық құрылымын қалыптастыру, әуе кемелерін беру және "FlyArystan" АҚ қызметінің басқа да бағыттары бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оның ішінде кірістер мен шығыстарды бөлек есепке алуды енгізу көзделген. Пайдаланушының жеке сертификатын алуға құжаттарды беру "FlyArystan" АҚ осы жылдың 4 тоқсанында жоспарланып отыр", - деді Премьер-Министр Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысының сөзінше, бұл шаралар бәсекелестік ортаның дамуына, нарық субъектілері арасындағы бәсекелестік жолымен авиабилеттер құнының төмендеуіне оң әсер етпек.

Ол "Fly Arystan" тарифтік желісі өзгермегенін, халық тарапынан сұраныстың өзгеруі және жолаушылар санының жыл сайынғы өсуі әуе билеттерінің құнына әсер ететінін баса айтты.

"Fly Arystan" ақпараты бойынша Астана – Ақтөбе бағытындағы ең төменгі тариф 8 581 теңгеден 50 081 теңгеге дейін, Алматы – Атырау бағыты бойынша – 15 328 теңгеден 63 538 теңгеге дейін", - деп атап өтті Үкімет басшысы.

Айта кету керек, "Fly Arystan" – 2019 жылы құрылған алғашқы отандық лоукостер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу