FlyArystan алғашқы аптаның операциялық жұмысын қорытындылады

809

Алғашқы жеті күннің ішінде қазақстандық әуетасымалдаушы 63 рейс орындады. 

FlyArystan алғашқы аптаның операциялық жұмысын қорытындылады

Қазақстандық лоукостер Алматыдан Нұр-Сұлтан, Тараз, Қарағанды мен Оралға 10 мың жолаушы тасып үлгерді, деп хабарлайды ИИДМ азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

Бірінші жеті күннің ішінде қазақстандық әуетасымалдаушы 63 рейс орындады. Рейстерді уақытылы орындау көрсеткіші 82% құраса, әуекеменің жүктеме коэффициент көрсеткіші 94% көрсеткен еді. Наурыздың 29 бастап күні бүгінге дейін сатылған билеттердің жалпы саны 70 мыңнан асып түсті.

"Біз алғашқы рейске, яғни Алматыдан Нұр-Сұлтан мен Таразға билеттерді сатылым ашқаннан кейін, бір айдан аз уақыт ішінде 100% сатып бітірдік. Бірінші кезекте мерекелік және демалыс күндік билеттер сатылды. Осылайша, 10 теңгеге дейінгі билеттер 1-7 мамыр арасындағы барлық сатылымның жартысынан көбін құраса, Алматыдан Нұр-Сұлтан, Тараз бен Қарағандыға осы бағамен сатылған билеттер барлық сатылымның 2/3 бөлігін құрады", – деп мәлімдеді FlyArystan-ның сату және маркетинг бөлімінің директоры Жанар Жайлауова. 

flyarystan.com сайтында 26 қазанға дейінгі билеттер сатылымы ашық.

Естеріңізге сала кетсек, 30 мамырдан бастап бюджеттік әуетасымалдаушы Алматыдан Павлодар мен Шымкентке қатынай бастайды. Билет құны 6999 және 4999 теңгеден басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу