FlyArystan Алматы-Шымкент, Алматы-Павлодар бағытына билет сатуды бастады

931

Шымқалаға біржақты билет құны 4999 теңгеден басталады, ал Павлодарға билеттің ең төмен бағасы – 7 мың теңге. 

 FlyArystan Алматы-Шымкент, Алматы-Павлодар бағытына билет сатуды бастады

FlyArystan 30 мамырдан бастап Алматыдан Павлодарға, сондай-ақ Алматы-Шымкент бағытында күнделікті рейс ашады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Рейстер 180 жолаушыға шақталған Airbus A320 ұшағымен орындалады.

Шымкентке ұшу ұзақтығы 1 сағат 20 минут болса, ал Павлодарға жолаушылар 1 сағат 50 минутта жете алады.

Шымқалаға біржақты билет құны 4999 теңгеден басталады, ал Павлодарға билеттің ең төмен бағасы – 7 мың теңге. Билеттердің сатылымы ашық деп жарияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу