FlyArystan бағаларына қатысты журналист шағымына прокуратура жауап берді

166

Қазақстанның Бас көлік прокуратурасы FlyArystan әуе компаниясының (АО "Эйр Астана" еншілес ұйымы) тариф саясатына байланысты журналист Асхат Ниязов көтерген мәселеге түсініктеме берді. 

FlyArystan бағаларына қатысты журналист шағымына прокуратура жауап берді Фото: FlyArystan

Ведомствоның ресми өкілі Әльмира Бекжанның айтуынша, прокурорлық қадағалау нәтижесінде әуе компаниясы duty free тауарларын тасымалдау ережелерін қайта қарап, 2025 жылдың 1 қазанынан бастап оларды қол жүгінде тегін алып өтуге мүмкіндік берді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Сонымен бірге, FlyArystan мен өзге де әуе компанияларындағы қол жүкке қатысты мәселелер заңдылықты талдау барысында қосымша қарастырылатыны айтылды.

Бұған дейін Асхат Ниязов қол жүгінің артық салмағына байланысты төлемдердің өсуін сынға алып, прокуратурадан араласуды сұрап бейнежазба жариялаған болатын.

Айта кетейік, FlyArystan бұған дейін де сынға ұшыраған. 2025 жылдың 12 маусымында Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев рейстердің жиі кешігуі мен артық жүктеме үшін компанияға қатаң ескерту жасаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу