FlyArystan басшысы қызы Астана әуежайында жалғыз қалған анадан кешірім сұрау үшін Оралға барды

247

Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

FlyArystan басшысы қызы Астана әуежайында жалғыз қалған анадан кешірім сұрау үшін Оралға барды Фото: t.me/FlyArystan info

Бүгін FlyArystan басшысы Оралда егіздердің анасы Жазира Мусинамен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"FlyArystan әуекомпаниясының басшысы Ричард Леджер 21 шілдеде "Астана-Орал" рейсіне жіберілмеген 12 жасар қыз Зере Галиеваның анасымен кездесу үшін арнайы Орал қаласына ұшып келді. Тараптар болған жағдайдың себептерін егжей-тегжейлі талқылады. FlyArystan әуекомпаниясының ресми өкілі қыздың отбасынан кешірім сұрады. Кездесуде Көлік министрлігінің қызметкерлері де болды. Әуекомпания кездесу нәтижесімен және қабылдаған шешімдерімен алдағы уақытта бөліседі", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Орал қаласының қос тұрғыны, егіздер – Зәуре мен Зере Америкадағы тіл мектебінен Астана арқылы кері ұшып шыққанын, елордаға аман жеткен қос жасөспірімнің бірі Астана - Орал бағытында ұшқан "FlyArystan" әуекомпаниясының ұшағынан қалып қойған.

Бұл оқиғаны естіген Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті FlyArystan ұшағына жіберілмей, әуежайда жалғыз қалған 12 жасар қыздың анасына хабарласып, қажетті психологиялық көмек ұсынған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу