FlyArystan дәрі-дәрмекті жеткізу қызметін іске қосты

1021

Коммерциялық жөнелтілім Қазақстан бойынша 2020 жылдың 18 шілдесінен бастап орындалатын болады.  

FlyArystan дәрі-дәрмекті жеткізу қызметін іске қосты

FlyArystan алғашқы отандық лоукостері Қазақстан бойынша дәрі-дәрмектерді тасымалдайтын болады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Жөнелтілім Алматыдан Павлодар, Қостанай, Семей мен Қарағандыға, ал Нұр-Сұлтаннан Семей, Қостанай мен Ақтауға орындалатын болады.

Тасымалға 3 кг-ға дейін жеткізілімді Алматы мен Н.Назарбаев әуежайларындандағы "Эйр Астана" агенттіктері арқылы төлеп, беріп жіберуге болады. Қабылдау – рейс қонғанынан кейін 1 сағаттан соң 1 сағат ішінде қолжетімді. Қызмет құны 2800 теңгеден бастап.

Жөнелтілімге келесі дәрі-дірмектер қабылданады: бетперде, қолғап, қорғаныш киімі; қорғаныш киімі; өндіруші зауыттың қаптамасындағы құрғақ дәрі-дәрмек; өндіруші зауыттың қаптамасындағы, сыртынан қосымша полиэтилен пакетке оралған ампулалар; таңып-байлау материалдары (бинт, бұласыр); өндіруші зауыттың қаптамасындағы шприц, системалар.

Қауіпсіздік шарттарына сай жөнелтілімге келесі дәрі-дірмектер қабылданбайды: сұйық күйдегі дәрі-дәрмектерді, биоүлгілерді, зертханалық талдауларды, температуралық тәртіпті талап ететін, сондай-ақ хладагентпен қапталған дәрі-дәрмектерді тасымалдауға тыйым салынады.

Қосымша қызмет келесі телефон нөмірлері бойынша қолжетімді +7 (727) 356 09 50, +7 (727) 270 30 53 + 7 (702) 702 01 59 және mymail@airastana.com электронды поштасы арқылы.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу