Бұл туралы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Сенат кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тілшілер спикерден FlyArystan-ның пайдаланушы сертификатын алуына қатысты пікір білдіруін сұрады.
"Иә, бұл осы компаниялардың бөлінуі бойынша жоспарлы түрде жүргізіліп жатқан негізгі бағыттың бірі. Кеше FlyArystan пайдаланушының жеке сертификатын алды. Демек ол дербес компания болып есептелінеді. Бұл Air Astana-ның 100 пайыз еншілес компаниясы. Сонымен қатар ол жеке заңды тұлға. Пайдаланушының сертификатын алу арқылы әуе компаниясы деген ат иеленуге құқылы болды", - деді вице-министр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу