FlyArystan Қарағандыдан сегіз бағытқа жаңа рейстер ашады

820

Ал Қарағанды әуежайына сәуір айынан бастап жаңа автобус маршруты жүретін болады.

FlyArystan Қарағандыдан сегіз бағытқа жаңа рейстер ашады

Қазақстандық алғашқы лоукостер FlyArystan Қарағандыдан сегіз жаңа әуе рейсін іске қосады. Сәуір айынан бастап Шымкент, Ақтау, Атырау, Семей, Қызылорда, Қостанай, Ақтөбе және Мәскеуге ұшуға болады, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

20 сәуірден бастап дүйсенбі және бейсенбі күндері Қарағанды қаласының "Сары-Арқа" әуежайынан ұшақтар Ақтауға ұшырылатын болады. Билеттің ең төменгі құны – 11 999 теңге.

Сондай-ақ, 20 сәуірден бастап FlyArystan Қарағанды-Қостанай-Қарағанды тұрақты рейстерін іске қосады. Билетті 8 999 теңгеден сатып алуға болады. Ұшулар аптасына екі рет – дүйсенбі және жұма күндері орындалады",– делінген хабарламада.

Атырауға алғашқы рейс 21 сәуірге жоспарланған. Ұшудың бастапқы бағасы-11 999 теңге. Ұшақтар аптасына үш рет – сейсенбі, сәрсенбі және жексенбі күндері ұшады.

21 сәуір күні FlyArystan борты алғаш рет Қарағанды қаласынан Шымкентке рейс жасайды. Ол қалаға сейсенбі, бейсенбі, жұма және сенбі күндері ұшады. Билеттің ең төменгі құны – 6 999 теңгеден.

22 сәуірден бастап "Сарыарқа" әуежайынан Қызылордаға 6 999 теңгеге және Ақтөбеге 8 999 теңгеге ұшуға болады. Қызылордаға ұшақтар сәрсенбі және жексенбі күндері, Ақтөбеге – сәрсенбі және сенбі күндері жіберіледі.
Қарағанды-Семей-Қарағанды алғашқы рейсі 23 сәуірге жоспарланған. Билеттің ең төменгі құны – 5 999 теңге. Рейстер дүйсенбі және бейсенбі күндері орындалады.

Мәскеуге, Қарағандының Жуковский әуежайына ұшақтар 16 мамырдан бастап ұша бастайды. Билеттің ең төменгі құны – 19 999 теңге. Рейстер сейсенбі және сенбі күндерге жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу