FlyArystan-ның Алматыдан Нұр-Сұлтанға рейсі 1 мамырдан басталады

846

Билеттер бүгіннен бастап сатылымға шықты. 

FlyArystan-ның Алматыдан Нұр-Сұлтанға рейсі 1 мамырдан басталады

FlyArystan лоукостері осы жылдың 1 мамырынан бастап Алматы – Нұр-Сұлтан рейсін ашады, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Билеттер бүгіннен бастап сатылымға шықты. 

180 жолаушыға шақталған Airbus A320 ұшағымен бір аптада 14 рейс орындалады. Аталған бағытта ұшақ күніне екі рет ұшады.

Қазақстандықтар арасында танымал бағыт бойынша тарифтің ең төменгі құны бір жаққа 6999 теңгеден басталады. Билеттерді брондау компанияның сайтында қолжетімді. Сондай-ақ сайтта жолаушыларға қосымша багаж, борттық тамақтану және т.б. қызметтер ұсынылады.

Айта кетсек, FlyArystan бюджеттік авиакомпаниясы – Алматыда орналасқан Air Astana авиакомпаниясының бөлімшесі. Ал Air Astana – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының және британдық BAE Systems компаниясының бірлескен кәсіпорны. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу