FlyArystan-ның қол жүгіне ақы алуы тексеріледі

149

Бұл туралы Алматы қалалық бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады.    

FlyArystan-ның қол жүгіне ақы алуы тексеріледі Фото: informburo.kz

FlyArystan әуе компаниясының ұшаққа отыратын жолаушы қол жүгінің артық мөлшеріне ақы белгілеу тәртібі тексеріліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Отандық лоукостерге қатысты тергеу жүріп жатқаны 12 ақпанда Алматыда өткен брифингте айтылды.

Монополиямен күресетін мекеме компанияның артық салмаққа қосымша ақы алуы тұтынушылар құқығын шектейді деп есептейді. Департамент өкілдері тасымалдаушы қол жүгінің артық салмағы үшін мөлшеріне қарамастан бірдей ақы алғанын анықтаған.

"Нарықта нақты артық салмаққа қарай сараланған төлем тәжірибесі бар екенін көріп отырмыз. Бұл тәсілден бас тарту, біздің ойымызша, тұтынушылар құқықтарын шектейді. Сондықтан әуе компаниясына қатысты тергеу басталды", – деді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қалалық басқармасының басшысы Нұржан Нұрланұлы.

Айта кетейік, жақында FlyArystan тегін қол жүгінің салмағын 5 келіден 7 келіге дейін арттыратынын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу