banner

FlyArystan Петропавлдан Алматыға рейс ашты

1035

Алматыға алғашқы әуе рейсі 13 наурыз күні орындалады. 

FlyArystan Петропавлдан Алматыға рейс ашты

FlyArystan әуе компаниясы Петропавлдан Алматыға әуе рейсін ашты. Екі қала арасындағы біржақты байланыс құны 10 мың теңгеден басталмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

FlyArystan бағдарын кеңейтіп, ұшу кестесіне Петропавл қаласын қосты. Алматыға алғашқы әуе рейсі 13 наурыз күні орындалады. 10 мың теңге төлеп, 2 сағат 10 минутта Алматыға жету мүмкін болмақ.

"Билеттің бағасы 10 мың теңгеден басталады. Бағасы арзан болуы үшін бірер ай бұрын сатып алу қажет. Сондай-ақ, баға неғұрлым арзан болса – соғұрлым ереже қатаң. Мысалы арзан билет алсаңыз, өзіңізбен бірге тек 5 келіге дейін жүк ала аласыз. Тағы бір ескертетін жайт, билетті делдалдарсыз компанияның сайтынан алған тиімді", – дейді FlyArystan әуе компаниясының маркетинг және сатылымдар бойынша директоры Жанар Жайлауова.

Петропавлдан ұшақ аптасына төрт рет: дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, жексенбі күндері ұшады.

Airbus A320 лайнері жаңа, қолданысқа берілгеніне алты жылдан ғана асыпты. Қазіргі кезде билеттердің 20 проценті сатылған.

Айта кетсек, бүгінде компания бір күнде 28 рейс жасайды. Өткен жылдың мамыр айынан бастап 900 мың жолаушы тасымалдаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу