FlyArystan ұшағы Атырауға қонған сәтте жүру жолынан шығып кетті

255

Бұл туралы әуе компаниясы хабарлады.  

FlyArystan ұшағы Атырауға қонған сәтте жүру жолынан шығып кетті Фото: dknews.kz

14 қаңтарда Атырау әуежайында FlyArystan әуе компаниясының ұшағы оқыс жағдайға тап болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алматы – Атырау бағытында рейс орындаған әуе кемесі қонғаннан кейін тұраққа жылжу кезінде шағын жылдамдықпен жүру жолынан шығып кеткен.

Бортта барлығы 166 жолаушы болған. Олардың бәрі ұшақтан аман-есен түсірілді. Зардап шеккендер жоқ.

"Қазіргі уақытта болған оқиғаның себептерін анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу